Тұран студенті POLKA(Z)жобасына қатысу үшін іріктеуден өтті

“Операторлық өнер” мамандығының 4 курс студенті Максим Сұлтан POLKA(Z) халықаралық жобасына қатысу үшін конкурстық іріктеуден өтті.  Жоба Польша Республикасының академиялық алмасу жөніндегі ұлттық агенттігінің (Nawa) “Promocja jözyka polskiego” бағдарламасы аясында қаржыландырылады.

 

Жоба аясында поляк тілінің этикетіне, журналистік құзыреттілікті қалыптастыруға, поляк тілін үйрену кезінде қажетті сөздіктерді пайдалану мәселелеріне арналған бірқатар семинарлар өткізіледі.

 

Сонымен қатар, Максим Султанға Spotify-да қолжетімді подкасттарда және TikTok қосымшасында жарияланатын бейнероликтерде сөз сөйлеуге, сондай-ақ поляк-қазақ-орыс электрондық сөздігін жасауға қатысуға бірегей мүмкіндік беріледі (студенттер жасаған анықтамалардың авторлығы белгіленеді). Естеріңізге сала кетейік, бұл студент 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің академиялық ұтқырлығы шеңберінде Польшадағы, Слупск қаласындағы Померан академиясында оқыған.

 

Біз Султанды құттықтаймыз және барлық бастамаларға сәттілік тілейміз!

 

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Online қабылдау