“Халықаралық қатынастар” және “Аймақтану” ББ студенттерінің Алматы қаласындағы “Ассамблея жастары” РҚБ өкілдігінің белсенді мүшелерімен кездесуі

2022 жылғы 29 қарашада Тұран университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы Алматы қаласындағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің белсенді мүшелері болып табылатын біздің университетіміздің студенттері Асем Сатылғанова мен Камилла Әміржанованың «Аймақтану» және «Халықаралық Қатынастар» мамандықтары бойынша білім алушылармен кездесуін ұйымдастырды. Белсенділермен кездесудің маңызды ынталандырушы әсері біздің студенттеріміз А.Сатылғанова мен К. Әміржанова «Ассамблея жастары» PҚБ-мен  16 қарашада Мемлекет басшысымен кездесуге барып, Алматы қаласының қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

 

Кездесу барысында қыздар барлығын ұйымның қызметімен және оған қатысуымен егжей-тегжейлі таныстырды. Кездесу барысында «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысы туралы ақпарат ұсынылды, «Ассамблея жастары» РҚБ қызметінің белсенді жобалары мен бағыттары, сондай-ақ еліміздің Үкіметі мен Парламенті өкілдерімен кездесулер туралы айтылды.

 

Студенттер өздерінің үлкен қызығушылықтарын білдіріп, сұрақтар қойып, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелер қатарына кіруге ниет білдірді.

Online қабылдау