2022 жылғы 30 қарашада Душанбедегі Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығында «Заманауи жағдайдағы аймақтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл конференцияға арнайы шақырту бойынша «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры, з.ғ.к. Алаева Гүлназ Тұрсынқызы «Қазақстан Республикасындағы еңбек көші-қоны: қазіргі жағдайы және құқықтық реттеу» атты баяндамасымен қатысты және де бұл тақырып үлкен қызығушылық пен белсенді ғылыми пікірталас тудырды.