“Аймақтану және халықаралық қатынастар” кафедрасы алғаш рет мамандандыру аймағының тілдер фестивалін өткізді

2022 жылдың 2 желтоқсанында “Тұран” университетінде “Аймақтану және халықаралық қатынастар” кафедрасы алғаш рет мамандандыру аймағының тілдер фестивалін өткізді. Фестивальдің мақсаты-білім алушыларды Шығыс елдерінің мәдениетімен, түрлі тілдерімен таныстыру, сондай-ақ түрік және қытай тілдерінің бірегейлігін көрсету. Фестиваль аясында “Аймақтану» және «Халықаралық қатынастар” БББ студенттері “Тұран” университетінде бүкіл оқу кезеңінде оқыған түрік және қытай тілдерін терең меңгергендігін көрсетті. Фестиваль қатысушылары Қытай мен Түркия мәдениеттерін “Хна түні”, “Түрік бар” биі, “Желпуішпен би”, “Молихуа (би)” және т.б. шығармашылық нөмірлері түрінде көрсетті. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ студенті М. Мұхамеджанова Абайдың қара сөздерін қытай тілінде мәнерлеп оқыды.

 

Фестивальге Алматы қаласының “Тұран” университеті, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті студенттері , сондай-ақ “Тұран” колледжінің және Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің оқушылары қатысты. Көрермен ретінде жалпы білім беретін М. Әуезов атындағы № 128, № 67, № 58 және № 141 мектеп оқушылары шақырылды.

Online қабылдау