26 қараша 2022 жылы “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасы меңгерушісі Д.А.Оспанованың тапсырмасы бойынша кафедра меңгершісінің орынбасары Н.Д.Мырзатаев пен Ж.Ж.Долда Alikhan Bokeikhan University білім ордасының заң факультетінің білім алушыларына үгіт насихат жұмысын жүргізді. “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының аясында магистратура мен докторантура білім беру бағдарламалары бойынша бітіруші түлектерге түсіндіру жұмыстары жасалып жастардың сұрақтарына жауап берілді. Екі университеттің білім алушыларының өзара ынтымақтастық аясындағы магистратура бағыты бойынша ортақ бағдарлама негізінде қос диплом мен ОПҚ академиялық ұтқырлығы мен біліктілік арттыру, әріптестер арасында өзара қатынасты дамыту бойынша магистратура, доктарантура бағыттарын қамтуды жоспарлап отырмыз.