Қазақстан Республикасының үздік студенті-2022

26 қараша Астана қаласында Президентімізді ұлықтау рәсімімен қатар «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен «ҚР Үздік студенті-2022» атты талантты студенттер арасында өткен байқау негізінде марапаттау рәсімі өтті.

 

“Тұран” университетінің гуманитарлық-заң факультетінің “Құқықтану” мамандығының 2 курс студенттері 1 дәрежелі дипломдармен: Арманқызы Қызғалдақ, Тоқтасын Мерейлим Маратқызы; 2 дәрежелі дипломдармен: Айсағалиева Айнази Серікқызы, Бақтыбай Айдана Қуанышқызы; 3 дәрежелі дипломдармен: Турдалиева Диана Турдашқызы, Ширинбекова Аружан Маратқызы марапатталды. “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының PhD қауымдастырылған профессоры Джумабаева Қарлығаш Асильханқызы студенттердің жетекшісі болып табылады. Университет басшылығы мен “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының ұжымы марапатталған студенттерді құттықтап, табыс тіледі.

Online қабылдау