“Маркетингтегі цифрлық технологиялар және инновациялық әдістер” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

“Тұран” университетінің “Маркетинг және логистика” кафедрасы сізді 2023 жылғы 18 қаңтарда Тұран университетінде, Алматы қаласында сағат 14.00-17.00 – де (Қазақстан Республикасының Алматы қ.уақыты бойынша) өтетін “маркетингтегі цифрлық технологиялар және инновациялық әдістер” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақырады.

Конференцияға қатысуға: ғылыми қызметкерлер, маркетинг саласындағы ғалымдар мен мамандар, Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің және алыс шет елдердің бизнес-құрылымдарының өкілдері, экономикалық бағыттағы жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер шақырылады.

Конференция бағыттары:

  1. Онлайн маркетингтік зерттеулер
  2. Нейромаркетинг
  3. Әлеуметтік маркетинг және краудфандинг
  4. Дизайн ойлау
  5. Партизандық (төмен бюджеттік) маркетинг
  6. Маркетингтің инновациялық әдістері
  7. Тұтынушылардың адалдығын басқару
  8. Сандық және Интернет-маркетинг
  9. Мобильді маркетинг
  10. Social Media Marketing (SMM)
  11. Электрондық коммерция.

Конференцияға қатысу нысаны: пленарлық баяндамамен сөз сөйлеу (онлайн); секциялық баяндамамен сөз сөйлеу (онлайн); баяндамасыз жариялау.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Online қабылдау