Жаңа және трансформацияланатын мамандықтар бойынша инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесіне бағдарланған тренингтің аяқталуы (ҒжЖБМ, «Тұран» университеті, BTS Education)

Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі

«Тұран» университеті

BTS Education

 

Жаңа мамандықтар мен құзыреттер Атласынан жаңа және трансформацияланатын кәсіптер бойынша инновациялық білім беру бағдарламаларын (ИБББ) әзірлеу тәжірибесіне бағдарланған тренинг.

 

Заманауи университет  заман талабына жауап бере отырып, заманауи кәсіби қызметке тән жаңа үрдістер мен өзгерістерге қатысты жедел әрекет ете білуі керек. Басқарушылық және академиялық еркіндіктер университеттерге жаңа мамандықтар мен құзыреттер Атласы негізінде жұмыс берушілермен бірлесіп бағдарламаларды дербес әзірлеуге мүмкіндік береді.

 

Желтоқсан айында «Тұран» университетінде жаңа мамандықтар мен құзыреттер Атласынан жаңа және трансформацияланатын мамандықтар бойынша инновациялық білім беру бағдарламаларын (ИБББ) әзірлеу тәжірибесіне бағдарланған тренинг аяқталды.

 

«BTS Education» компаниясының сарапшысы Марина Скибтің басшылығымен университет оқытушылары жаңа ИБББ жобаларын әзірледі.

 

Енгізілетін бағдарламалардың жұмыс берушілермен бірлесіп, олардың сұраныстары мен мамандарға қойылатын талаптарын ескере отырып әзірленуі оның басты артықшылығы болып табылады. Осылайша, әзірленген бағдарламалардың жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталады.

 

Тренингте жүйелік ойлау, цифрлық технологияларды пайдалану дағдылары, салааралық коммуникация, жобаларды басқару және т. б. сияқты кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Білім беру траекториясын құрудағы дербестендірілген тәсілді қолдану – оқытудағы жоғары мотивацияны қалыптастыруға және дайындық сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

 

Университеттің жетекші профессорлары басқаратын кафедра ұжымдары білім алушылардың қызығушылығын дамыту мен кәсіби қызметте қажетті пәнаралық құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында инновациялық білім беру бағдарламаларының мазмұнында тәжірибелерімен, білімімен бөлісті.

 

Тренинг соңында «BTS Education» компаниясының сарапшысы Марина Скиба қатысушыларға инновациялық қызметте табыс тілеп, тиісті сертификаттарды табыстады.

Online қабылдау