Тұран университеті – Game Jam 22 жеңімпазы

«Тұран» университеті « Mythical Game Jam SU 2022» республикалық бейне ойын әзірлеушілер фестиваліне қатысты.

 

Биылғы жылы фестиваль «Мифология» тақырыбына арналды. Әлеуетті әзірлеушілерге небәрі 48 сағатта толыққанды бейне ойын жасау керек болды.

 

Фестивальдің жеңімпазы Тұран университетінің Koumiss Games командасы болды. Жігіттер атмосфералық 2D шытырман оқиғалы ойын жасады. Ойын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған дереккөздерді пайдалана отырып, жеңіл ойын түрінде қазақ халқының тарихы мен мифтерін зерттеуге мүмкіндік береді.  ⠀

 

Фестивальға Алматы, Астана, Қарағанды ​​және басқа қалалардан барлығы 70-тен астам команда қатысты. Фестивальдің жүлде қоры екі миллион теңгеге жуықтады.

Online қабылдау