2022 жылғы 14 желтоқсанда “Тұран” университетінде “Сөзден мәтінге” тақырыбында “B1” дайындық факультетінің тобында ашық сабақ өтті

2022 жылдың 14 желтоқсанында “Тұран” университетінде оқытушы Жаппар Қ.З жетекшілігімен дайындық факультеті тобында “сөзден мәтінге”тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты-өткен материалды қайталау. Бұл курстың студенттері Орыс тілін үйрену үшін арнайы келген Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Қытай және Жапония азаматтары болды. Сабақ барысында студенттер “Орыс тілі, В1 деңгейі”курсының материалын тиімді меңгергендіктерін көрсетті. Әр студент қонақтарға өз елінде орыс тілін үйрену мүмкіндіктері туралы айтып берді. Ашық сабаққа Маркетинг және қабылдау кампаниясы департаментінің директоры Нұртаева Д.К және “Журналистика және аударма ісі”кафедрасының шақырылған оқытушылары мен орыстанушылары қатысты. Қонақтар, студенттер осындай қысқа мерзімде үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Online қабылдау