“Тұран” университетінде бас консулдықтардың, елшіліктердің және халықаралық ұйымдардың 30-дан астам өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесуді Алматы қаласындағы Польшаның Бас консулдығы бірлесіп ұйымдастырды. Кездесу аясында генерал Андерстің “Үміт жолдары. Бостандық Одиссеясы» атты Польша Республикасы Бас консулдығының көрмесі өтті.
Польшаның Бас консулдығы “Тұран” университетінің стратегиялық серіктесі болып табылады, онымен бірлесіп жемісті жұмыс жүргізілуде. 2022 жылдың қараша айында Тұран Университеті Жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты, студенттер мен профессорлық-оқытушы құрамының алмасуды, бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға ықпал ететін поляк ұлттық академиялық алмасу агенттігінің NAWA мүшесі болды.