«Менеджмент» кафедрасының студенті Сергазин Эльдар «Жылдың үздік студенті» атты республикалық байқауда жеңімпаз атанды

Бұл байқау Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының көрнекті студенттерінің жетістіктерін тану мақсатында ұйымдастырылған.

 

Байқауды ҚР Парламентіндегі көпшілік партия “Аманат”, сондай-ақ “Bilim-orkenieti”Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

 

Сергазин Эльдарға ҚР үздік студенті-2022 медалі және төсбелгіні куәландыратын куәлік, сондай-ақ Республикалық маңызы бар ІІІ дәрежелі Диплом және ҚР Тұңғыш Президенті қорының сыйлығы табыс етілді.

 

Сондай-ақ, алғыс хатпен жеңімпаздың ғылыми жетекшісі Қуралай Жанатқызы Елшібекова білім беруді дамытуға қосқан үлесі бағаланды.

 

Біз, шын жүректен, Эльдарға табыс тілей отырып, сондай-ақ Қуралай Жанатқызына жас дарындарды қолдағаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.

Online қабылдау