«Әр жолда шабыт…»

2022 жылдың 21 қарашасында” Тұран ” университетінде өткен әдеби-поэтикалық кеш осылай аталды. Қазақстандық ЖОО студенттері Волгоград басқару институтының студенттерімен бірігіп, шығармашылық кездесу өткізді. Іс-шараның құрметті қонақтары ақындар мен аудармашылар Анастасия Строкина мен Максим Замшев болды.

 

“Қазақстанда поэтикалық шығармашылыққа ең жақсы және қиын кезеңдерде де жүгінген, осылай жиі-жиі жиналып, өлең оқу өте маңызды – дейді профессор Гүлжан Мұсабекова”.

 

Әдеби кеш конкурс және шешендік өнер көрсету түрінде өтті. Жеңімпаздар Мерхат Назимов (Қазақстан) және Даниил Грипасов (Ресей) болды. Екінші орында – Айдана Құсайынова (Қазақстан) және Варвара Горбуль (Ресей). Сонымен, үшінші жүлделі орынды Дильназ Дидарбекова (Қазақстан) мен Полина Дзевенис (Ресей) бөлісті.  Төрт қатысушы – Полина Михайлова, Надежда Ресник, Улкелсин Майрамбекова және Жаннұр Дәулетова көрермендердің көңілінен шықты.

 

Алғыс хаттармен Амина Серікқалиева, Камилла Абдыхалиева, Айғаным Самбет, Дильдора Мамыржанова, Анжелика Кочергина, Жасмин Нұрахметова, Елизавета Пивоварова, Назерке Жақан, Ангелина Квашнина, Александра Мовчанюк, Татьяна Горбенко, Александра Волкова және Айжан Қалел марапатталды.

 

Конкурсты “Тұран” университетінің “Журналистика және аударма ісі” кафедрасының оқытушылары профессор Мұсабекова Гүлжан Закариқызы, кафедра меңгерушісінің орынбасары Паташкова Елена Сергейқызы, сениор-лекторлар Бондаренко Людмила Николайқызы және Затонская Татьяна Михайлқызы ұйымдастырды. Ресей тарапынан ұйымдастырушылар Волгоград басқару институтының лингвистика және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының жетекшілері мен оқытушылары болды.

Online қабылдау