Тұран университетіндегі «ForteBank» АҚ операциялық күні

2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 9.30-да  304-ауд «Есеп және аудит»  БББ 4 курс студенттерінің «ForteBank» АҚ өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуде «Байланыс орталығының» қызметкерлері және Қызметкерлерді қолдау блогының басшысы Наталья  Ли болды. Олар банк бөлімшелеріндегі бос жұмыс орындары, қызметкерлердің мансаптық өсуінің кезеңдерінің талаптары мен мүмкіндіктері, жаңа банктік өнімдер  туралы айтып берді. Қызметкерлердің алаяқтық, заңды және жеке тұлғалардың күмәнді операцияларынан болған шығындар аудиті, сондай-ақ банк қызметкерлеріне арналған team building туралы әңгімелері  студенттер арасында  қызығушылық тудырды.

Online қабылдау