20 қаңтарда «Туризм және сервис» кафедрасының профессоры, г.ғ.д. Александр Владимирович Чередниченкоға ҚР Ғылым және білім министрлігінің вице-министрі «Тұран» университетінің қабырғасында «Қазақстан ғылымына қосқан үлесі үшін»медалін табыс етті. Университет қызметкерлеріне барлығы алты төсбелгі табысталды.
А.В. Чередниченко, география ғылымдарының докторы, профессор, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы және Киото хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық сарапшысы болып табылады. Чередниченко Республикалық әдістемелік комиссия бекіткен екі оқулық дайындады, олар бүгінде магистратурада жеке пәндер ретінде қолданылады: «туризмде ГАЖ қолдану» және «Рекреация және курортология». Айта кетейік, «Туризмдегі ГАЖ» пәні бүгінде магистранттар үшін тек «Тұранда» оқылады, бұл мамандардың қолданбалы мүмкіндіктері мен сұранысын арттырады.
А.В. Чередниченко екі ғылыми журналдың редакциялық алқасының тұрақты мүшесі болып табылады, ғылыми тақырыптардың жетекшісі ретінде белсенді қатысады, халықаралық жобаларға қатысады, 90-нан астам жарияланымдары бар, соның ішінде алыс шетелде, Скопус пен Томас Рейтер базасында келтірілген.
«Туризм және сервис» кафедрасының профессоры Чередниченко А.В.ны шын жүректен құттықтаймыз!