«Тұран» университетінде өтетін «Қазіргі жастардың өзіндік кәсіби қабілетін жүзеге асыру» атты қысқы мектебі

«Тұран» университеті Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясымен (РАНХиГС) бірлесіп, 2023 жылғы 31 қаңтар мен 3 ақпан аралығында «Қазіргі жастардың өзіндік кәсіби қабілетін жүзеге асыру» тақырыбында қысқы мектеп ұйымдастырады.

 

Қысқы мектеп барысында студенттер мен магистранттардың қатысуымен «Тұран және ИГСУ РАНХиГС мысалында студенттердің өзіндік кәсіби қабілетін жүзеге асыру мүмкіндіктері мен тәжірибесі» жастар форумын, «Жаһандану жағдайындағы әлеуметтік және құқықтық институттардағы өзгерістерді басқару» онлайн-конференциясын, семинар-тренингтер мен онлайн-дәрістерді өткізу жоспарлануда.

 

Университеттер арасындағы ынтымақтастық шеңберінде студенттердің академиялық мобильділік бағдарламаларын іске асыру және «Тұран» университетінің «Халықаралық қатынастар» және ИГСУ РАНХиГС «Басқарушылық консалтинг» бағыты бойынша магистратураның бірлескен бағдарламасын әзірлеу жоспарлануда.

«Тұран» университетінде өтетін «Қазіргі жастардың өзіндік кәсіби қабілетін жүзеге асыру» атты қысқы мектебі
Online қабылдау