Бірлескен ғылыми-зерттеу зертханасының ашылуы (ҒЗЗ) «R&D-жасанды интеллект және робототехника зертханасы»

2023 жылдың 20 қаңтарында «Тұран» университетінде Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты мен «Тұран» университетінің бірлескен ғылыми-зерттеу зертханасы (ҒЗЗ) «Жасанды интеллект және робототехника R&D – зертханасының» ашылуына арналған брифинг өтті.

 

ҒЗЗ-ның ашылу салтанатына университет ректоры Р.А. Алшановпен бірге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Д.Ж. Ахмед-Заки; Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының бас директоры А.К. Тулешов, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «№5 қалалық клиникалық ауруханасы» МКК бас дәрігері Б.Н. Садыков және өзге де шақырылған қонақтар, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

ҒЗЗ тұсаукесерінде сервистік медициналық роботтар кешені; түпнұсқалық манипуляторлары бар 5 оқу робот-стимуляторының кешені, машина механикасы және робототехника саласындағы электронды мультимедиялық оқулықтар кешені сияқты әзірлемелері ұсынылды.

 

Брифинг бағдарламасы «Қазақстандық Автоматтандыру және робототехника қауымдастығы» ЗТБ президенті, ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жаңа технологиялар комитетінің мүшесі, «Vse.kz» конференциясының ұйымдастырушысы және тең құқылы иегері -В.Б. Туреханов; Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «№5 қалалық клиникалық ауруханасы» МКК бас дәрігері, қалалық мәслихат депутаты, денсаулық сақтау жөніндегі депутаттық топтың төрағасы Б.Н. Сабыков; Қазақстандық «Allur» автомобиль компаниясының корпоративтік университетінің басшысы («СарыарқаАвтоПром» ЖШС) Л.Ю. Окинян; Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.О. Исмаилов; ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының басқарма төрағасы А.А. Абишев; Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхананың директоры Ш.К. Альмухамбетова сияқты бизнес, өндіріс, білім және ғылым өкілдерінің, спикердің сөз сөйлеуімен ерекше сипатқа ие болды.

 

Брифинг барысында «Тұран» университеті, ҚР ҒЖБМ ҒК ШЖҚ РМК Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты мен Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «№5 қалалық клиникалық ауруханасы» МКК арасында өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды. «Тұран» университеті, ҚР ҒЖБМ ҒК ШЖҚ РМК Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты, Қостанай инженерлік-экономикалық университеті және Қазақстандық «Allur» автомобиль компаниясының корпоративтік университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы төрт жақты меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар «Тұран» университеті, ҚР ҒЖБМ ҒК ШЖҚ РМК Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты, Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана және ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы төрт жақты меморандумға қол қойылды.

 

Брифингте министрліктің өкілі Д.Ж. Ахмед-Заки «Тұран» университетінің профессор-оқытушы құрамына, атап айтсақ, Д.И. Разаковаға, Г.Ж. Таяуоваға, А.В. Чередниченкоға, Г.М. Алимжановаға, Г. У. Хаджиеваға ҚР ҒЖБМ-нің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін салтанатты түрде табыстады.

Online қабылдау