«Есеп және аудит» кафедрасының Дағыстан мемлекеттік университетімен ынтымақтастығы аясында 2023 жылғы 30 қаңтарда э. ғ. д., профессор, «Экономикалық қауіпсіздік, талдау және аудит» кафедрасының меңгерушісі Н. Г. Гаджиев «Бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша бақылау-тексеру органдары анықтаған типтік қателер мен бұзушылықтар» тақырыбында магистранттарға онлайн форматта қонақ дәріс өткізілді. Қонақ дәрісінің тақырыбы кәсіби қызығушылық тудырды, магистранттар Ресей Федерациясының бухгалтерлік есептілігінде және ҚР-ның қаржылық есептілігінде мүмкін болатын қателіктер мен бұзушылықтарды белсенді талқылады. Белсенді талқылау нәтижесінде магистранттар профессор Н.Г. Гаджиевпен Ресей Федерациясы мен ҚР-дағы ұқсас жағдайларды анықтап, есептіліктерді қалыптастыру кезінде қатаң ережелерді сақтау қажеттілігін тағы да дәлелдейді.