ICE SCREAM IX республикалық турнирі өз мәресіне жетті

11-12 желтоқсан күндері Алматы қаласында Таңдаулы Экономистер одағының ұйымдастыруымен жас пікірсайысшылар арасында «ICE SCREAM IX» республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирдің негізгі мақсаты: пікірсайысқа енді қадам басқан жалынды жастарға қолдау көрсетіп,осы уақытқа дейін алған білімдері мен қабілеттерін бағалау.

 

Турнирге Қазақстанның түрлі аймақтарынан 72 фракция қатысып,АПФ және ЛД форматтары бойынша тартысқа толы ойын көрсетті.Ал жобаның өзі іріктеу және плэй-офф атты кезеңдерді қамтыды.

 

Бұл турнирдің басқа турнирлерден ерекшілігі наруто тематикасында өткізілгендігінде болды. Бір қызығы, тіркелу кезеңінде әр клубтың фракциялары су,от,найзағай,жел,жер секілді Наруто елдеріне бөлініп, таңдалған елдер арқылы қарсыластар анықталды.

 

Турнир жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен қоса сыйлықтармен,кубоктармен ақшалай жүлде қорларымен марапатталды.

 

Турнир қорытындысы бойынша, үздіктердің дүлділі атанған «Тұран» университетінің “Аударма ісі” мамандығының 1 курс студенті Нұртай Айым “Ең үздік спикер” номинациясымен марапатталды.

 

Барша жеңімпаздарды жоғары көрсеткіштерімен құттықтай отырып, алдағы турнирлерге сәттілік тілейміз.

Online қабылдау