Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

«Жаңа әлемдегі  жаңа Қазақстан»Шымкент қаласында осындай атаумен 2022 жылы желтоқсан айының 17-18 жұлдыздарында жастар арасында ашық-аймақтық пікірсайыс турнирі өтті. Жүзден бірі – шешен, мыңнан бірі – көсем болған қазіргі заман жастары  түрлі бағытты сайыстарға қатысып өтіп, өз дағдыларын жан-жақты дамытуда.

 

Орталық Азия университеті жанынан құрылған «Риторика» интеллектуалды пікірсайыс клубының 5 жылдық мерей тойын қорытындылау мақсатында өткен бұл додаға 6 түрлі аймақтан 10-нан аса делегация қатысты. Сайыста 80 спикер, 40 фракция өз бақтарын сынады. Атап айтсақ: Астана, Алматы, Түркістан, Шымкент, Тараз қалаларынан келген түрлі форматтарды меңгерген сөз шешендері екі күн көлемінде түрлі тақырыптарды талқылап қана қоймай, етене араласып пікірсайыстың формат пен аймақ арасы бөлінісіне қарсы екенін білдіріп, бір-бірімен мол тәжірибе алмасып қайтты.

 

Тұран университеті жанынан құрылған «Сириус» интеллектуалды дебат клубының жас буыны қатысып, оқу ордамыздың журналистика факультетінің 1 курс студенті Амиреев Ахансері турнирдің «Ең үздік спикері» номинациясы мен кубогын қанжығаға байлады.

Online қабылдау