Өткізу уақыты: 10-12 ақпан, сағат 10.00-18.00
«Диалектикалық мінез-құлық терапиясы» халықаралық семинары РФ когнитивті психотерапия қауымдастығының қолдауымен өткізіледі.
Семинардың жүргізушісі – Дмитрий Пушкарев, медицина ғылымдарының кандидаты, психотерапевт-дәрігер, клиникалық психолог.
Семинар психикалық денсаулық саласындағы мамандарды Диалектикалық мінез-құлық терапиясымен, суицидтік тәуекелді бағалау және төмендету принциптерімен таныстыруға, сондай-ақ Диалектикалық мінез-құлық терапиясының кейбір құралдарын зерделеуге және меңгеруге бағытталған.
Семинарлар туралы толығырақ телефон нөмірі бойынша 87017108694, Юлия.