«Туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі Г. Ш. Файзуллина – Халықаралық этнологтар қысқы мектебінің спикері

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасы 2023 жылдың қаңтар айында «Этнология және антропология» және «Археология және этнология»бағыттары бойынша оқитын студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін Қазақстан, Қырғызстан және Ресей спикерлерінің қатысуымен Қысқы мектеп ұйымдастырды. Спикерлер арасында «Тұран» университетінің «Туризм және сервис»кафедрасының меңгерушісі, т.ғ. к. Ғалия Шаукетқызы Файзуллина болды. Ол «Материалдық емес мәдени мұраны мұражайландыру: зерттеу, тәжірибе, презентациялар» тақырыбында дәріс ұсынды, оның аясында этнографиялық материалдарды мұражайларда ұсынудың өзекті мәселелерін атап өтті, туристермен өзара әрекеттесудің мүмкін формаларына назар аударды.

Online қабылдау