2023 ж. 31 қаңтар Тұран университетінде «Аймақтану және халықаралық қатынастар», «Туризм және сервис» кафедраларының және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Мемлекеттік қызмет және басқару институтының (ИГСУ РАНХиГС) ұйымдастыруымен «Заманауи жастардың кәсіби өзін-өзі дамыту» атты қысқы мектебінің ашылуы өтті.
Ең басты оқиға ИГСУ РАНХиГС және «Тұран» университеті арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша жұмыс бағдарламасына қол қою болды. Жұмыс бағдарламасы серіктестер қысқа мерзімде 2023-2024 жылдары жүзеге асыруға ниетті бірлескен жобалар бойынша бірқатар келісімдерді біріктірді. Осылайша, келісім аясында «Тұран» университетінен «Халықаралық қатынастар» және ИГСУ РАНХиГС-тан «Менеджмент бойынша кеңес беру» бағыты бойынша бірлескен білім беру магистрі бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Сондай-ақ, жұмыс бағдарламасы аясында қысқы және жазғы кәсіптік мектептерді іске асыру, халықаралық академиялық алмасу бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімді әзірлеу жоспарлануда.
Салтанатты бөлім «Студенттердің кәсіби өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері мен мысалдары: Тұран университеті мен ИГСУ РАНХиГС тәжірибесі» тақырыбындағы жастар форумымен жалғасты. Форум барысында «Тұран» және ИГСУ РАНХиГС студенттері сөз сөйлеп, өз университетінің қоғамдық және белсенді өміріндегі тәжірибелерімен бөлісіп, сонымен қатар қазіргі әлеуметтік жобаларды көрсетті.
Қойылымдардың соңында студенттер арасында «Менің әлеумттік жобам» атты интерактивті командалық шайқас өтті.
ИГСУ РАНХиГС директорының міндетін атқарушы Р.Н. Корчагин және «Тұран» университетінің бірінші проректоры К.А. Тазабеков ұзақ мерзімді және табысты ынтымақтастыққа сенім білдірді және мұндай шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.