2023 ж. 2 ақпан Тұран университетінде «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы және ИГСУ РАНХиГС ұйымдастыруымен «Қазіргі жастардың кәсіби өзін-өзі дамыту» қысқы мектебінің аясында «Жаһандану жағдайында әлеуметтік-құқықтық институттардағы өзгерістерді басқару» атты халықаралық онлайн-конференция өтті.
Конференцияда «Тұран» университеті мен ИГСУ РАНХиГС студенттері мен магистранттары баяндама жасады. Ұлттық бірегейлікті сақтау, жаһандану жағдайындағы цифрлық трансформация, белгісіздік пен тәуекелдер жағдайында басқару және т.б. мәселелер талқыланды.
Баяндамалар аяқталғаннан кейін студенттер мен магистранттарға «Эмоционалдық интеллект қазіргі жастардың өзін-өзі дамытудағы сәттілік факторы ретінде» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Тренер – PhD докторы, «Кемел ұстаз» оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Уразбаева Нұрсұлу Нұрғалиқызы.