Евгений Борисович Республикалық байқауда «Үздік жыл педагогы» дипломы мен арнайы төсбелгісін «Bilim-òrkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығынан алады. Байқаудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының педагогтары арасында байланыс орнату және инновациялық идеяларды кеңейту арқылы үздік педагогтарды анықтау болды!
Презентация мен марапаттау рәсімі Репбулика елордасында 2022 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Евгений Борисовичті лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз және болашақта табыс тілейміз!