«Тұран» колледжінің студенттерімен кездесу

2023 жылғы 31 қаңтарда “Тұран” университетінің “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының оқытушылары з.ғ.к. Е.С.Кемали және заң ғылымдарының магистрі А.С.Тулебаева имидждік жұмыс аясында “Құқықтану” мамандығы бойынша “Тұран” колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында студенттердің назарына “Тұран” университеті бакалавриатының “Құқықтану”, “Халықаралық құқық” және “Корпоративтік заңгер” мамандықтары бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны, білім берудің материалдық-техникалық базасы мен сапасы, шетелде оқу перспективалары, жұмысқа орналасу және мансаптық өсу туралы ақпарат жеткізілді.

 

Талқылау барысында Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық саясатының даму үрдістеріне, заңгердің кәсіби қызметінің ерекшеліктеріне және құқық қолдану практикасының проблемаларына қатысты көптеген мәселелер қозғалады.

Online қабылдау