«Психология» кафедрасы «Перспектива» тұлғаны дамыту орталығымен бірлесіп «Диалектикалық мінез-құлық терапиясы» тақырыбында халықаралық семинар өткізді

10-12 ақпан аралығында РФ когнитивті психотерапия қауымдастығының қолдауымен «Диалектикалық мінез-құлық терапиясы» халықаралық семинары өткізілді.

 

Семинардың жүргізушісі – Дмитрий Пушкарев, медицина ғылымдарының кандидаты, психотерапевт-дәрігер, клиникалық психолог.

 

Семинар психикалық денсаулық саласындағы мамандарды Диалектикалық мінез-құлық терапиясымен, суицидтік тәуекелді бағалау және төмендету принциптерімен таныстыруға, сондай-ақ Диалектикалық мінез-құлық терапиясының кейбір құралдарын зерделеуге және игеруге бағытталған.

 

Семинарға сондай-ақ «Клиникалық психология» білім беру бағдарламасының магистранттары қатысты. Қатысу және ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз!

Online қабылдау