2023 жылғы 14 ақпанда 206 аудиторияда «Есеп және аудит» БББ 1 және 2 курс магистранттарымен «Шағын бизнес субъектілерінің есептілігі» тақырыбы бойынша тренинг өткізілді. Тренингті «Amanat Global» ЖШС-тің бас бухгалтері А.О. Райымқұлова жүргізді. Білім алушылар КТС туралы декларацияның көрсеткіштерін қалыптастыруға қызығушылық танытты, әсіресе жылдық жиынтық табыстан шегерімдерді белсенді талқылады.