Салықтық есеп және оңтайландыру – компанияның табысының дамуының кепілі

2023 жылғы 17 ақпанда 4 курс студенттері мен 2 курс магистранттарына сертификатталған аудитор, салық кеңесшісі, ҚР кәсіби бухгалтері Ж.Абдрахманованың «Салық міндеттемелерін есепке алу және оңтайландыру» тақырыбында қонақ дәріс өткізілді. Салықты оңтайландыру -бұл салық төлеушінің салық жүктемесін азайтуға бағытталған, заңнамаға қайшы келмейтін әдістер мен әдістерді қолдануды қамтитын мақсатты заңды әрекеттері. Дәріскер белгілі бір жағдайда салық жүктемесін төмендетудің нақты әдістері мен  тәсілдерін қамтитын салық схемаларын әзірлеу қажеттілігі туралы айтты. Дәріс тақырыбы магистранттардың қызығушылығын тудырды, әсіресе ҚҚС және КТС бойынша жеңілдіктер белсенді талқыланды.

Online қабылдау