Семинар жүргізушісі-Мамырбаев Өркен Жұмажанұлы, ҚР БҒМ ҒК “Ақпараттық және есептеу технологиялары институты” РМК бас директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор
Семинар студенттер мен мамандарды медицинадағы жасанды интеллект технологияларымен – денсаулық сақтау әлеміндегі басты трендпен таныстыруға бағытталған. Жасанды интеллект пен нейрондық желілер бүкіл әлемдік медицинаны түбегейлі өзгерте алады: диагностикалық жүйені өзгерту, жаңа дәрі-дәрмектердің дамуына ықпал ету, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және шығындарды азайту.