2023 жылдың 21 ақпанында «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, з.ғ.к. Қ.А.Беков «Тұран» колледжінің студенттеріне заңсыз соттылықпен азаматқа келтірілген шығынды өтеу туралы азаматтық іс бойынша көрнекі сот отырысы өткізді.
Істің сюжетін құрастыра отырып, «Құқықтану» БББ-ның 3 курс студенттері өздері судья, прокурор, адвокат, талапкер, жауапкер және талапкер мен жауапкердің өкілдері ретінде әрекет етті.
Көрнекі сот отырысы барысында нақты азаматтық істерді мысалға ала отырып, сот отырысын өткізудің барлық қыр-сырлары көрсетілді. Процесс «сұрақ-жауап» форматында жалғасын тапты, студенттер өз сұрақтарын қойды, оларға жан-жақты жауаптар берілді және сот тәжірибесінен қызықты мысалдар келтірілді.