2023 жылғы 21 ақпанда бизнес-жаттықтырушылар Шарипова Алиямен (“KMF-Демеу “корпоративтік қоры”) және Маргацкий Романмен (э.ғ.к., “Қаржы” кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Alaqan Pay, Alaqan Technologies itd жетекшісі) “Жеке қаржыны басқару және қаржылық тұзақтар” тақырыбында workshop өтті.
Кездесуде қаржы-кредит, инвестициялық, сақтандыру ұйымдары мен қорларының және қаржы нарығының өзге де қатысушыларының жұмыс істеуі туралы, сондай-ақ олар ұсынатын өнімдер мен қызметтердің ерекшеліктері (оң және теріс жақтары) және осы өнімдер мен қызметтерді тұтынушылар ретіндегі өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы мәселелер талқыланды.
2023 жылғы 22 ақпанда “Отбасы Банк” АҚ өкілі Байжанова Адинамен “Төлем қарттар бойынның алаяқтықтың кең тараған түрлері” тақырыбында кездесу өтті.
“Қаржы” ББ білім алушыларымен интернет алаяқтық, киберқауіпсіздік мәселелері қаралды, қазіргі жағдайда кардингтің алдын алу бойынша практикалық ұсыныстар берілді.