Атақты қазақстандық альпинист, спорт шеберінің кандидаты, нұсқаушы және тау гид Дедешко Борис Евгеньевичтің қонақ дәрісі

2023 жылдың 1 наурызында «Туристік спорттық дайындық» пәні аясында «Туризм» БП 1 курсына танымал қазақстандық альпинист, спорт шеберінің кандидаты, нұсқаушы және тау гидінің Дедешко Борис Евгеньевичтің ашық дәрісі өтті. Шақырылған қонақтың Орталық Азияның ең биік шыңдары Гималай мен Қарақорымға шығуда бай тәжірибесі бар. Ол альпинизмдегі ең жоғары марапат «Алтын мұз балтасының» иегері.

 

Студенттермен кездесуде Борис Евгеньевич жалпы ережелер мен жеке тәжірибесіне сүйене отырып, тауға жорықтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерімен бөлісті. Студенттер өз сұрақтарын қойып, болашақ кәсіби қызметінің ерекшеліктері туралы көбірек білуге мүмкіндік алды.

Online қабылдау