2023 жылдың 24-ші ақпанында елордамыз Астана қаласында Министрліктер үйінде «Жаңа Қазақстан: жастар саясатының үздігі» атты республикалық жастар форумы өтті. Осы форумда «Жаңа Қазақстанның үздік көшбасшысы» атты марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізілді.
“Тұран” университетінің “Құқықтану” мамандығының 2 курс студенттері Арманқызы Қызғалдақ пен Бақтыбай Айдана «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен “Жаңа Қазақстан: жастар саясатының үздігі» республикалық байқауының 1-ші дәрежелі дипломдарымен, «Жаңа Қазақстанның үздік көшбасшысы» төс белгілерімен, Жетекшілері-Джумабаева Карлыгаш Асильхановна, қауымдастырылған профессор, PHD докторы алғыс хатпен марапатталды.
«Тұран» университетінің басшылығымен “Құқықтану және ХҚ” кафедрасы жеңімпаз бен оның жетекшісін құттықтайды және алдағы жеңістер тілейді!