«Компьютерлік және бағдарламалық инженерия» кафедрасы Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық Университетімен бірлесіп «Заманауи ақпараттық жүйелер мен технологиялардың даму тенденциялары» тақырыбында семинар өткізді

2023 жылдың 3 наурызында “Сандық технологиялар және өнер” факультетінің “Компьютерлік және бағдарламалық инженерия” кафедрасы Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетімен, “Ақпараттық және инновациялық технологиялар” факультетімен бірлесіп “Заманауи ақпараттық жүйелер мен технологиялардың даму тенденциялары” тақырыбында семинар өткізді. Семинарға Қырғыз ұлттық университеті – тарапынан кафедраның ВТПО және ОПҚ магистранттары қатысты.

 

Семинар табысты және нәтижелі жұмысымен, екі тараптың да қызығушылығымен және одан әрі ынтымақтастыққа уағдаластығымен атап өтілді. Семинар қорытындысы бойынша ең өзекті және маңызды баяндамалар атап өтілді, спикерлерге сертификаттар берілді.

Online қабылдау