2023 жылдың 7 наурызында «Жасанды интеллект. Заң саласындағы ақпараттық технологиялар» тақырыбында қонақ дәоісі өтті. Дәрісті заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Орехово-Зуево (Ресей Федерациясы) гуманитарлық-техникалық мемлекеттік университетінің заң факультетінің деканы Л.В. Сокольская дайындап, жүргізді.
Теориялық ақпарат пен негізгі ережелерді практикалық бекіту тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды, олар даулы мәселелерді талқылауға ықыласпен қатысты, сонымен қатар оқу материалын ұсынудың байлығы мен өзіндік ерекшелігіне ризашылықтарын білдірді.
Қонақ дәрістің ұйымдастырушысы – «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, з.ғ.к. С.Н. Рехсон.