«Зергерлік бұйымдар мен аксессуарлар маркетингі» қонақ онлайн дәрісі

“Маркетинг және логистика” кафедрасы “зергерлік бұйымдар мен аксессуарлар маркетингі”тақырыбында онлайн-дәріс ұйымдастырды.

 

Онлайн-дәрістің спикері “Decoflora”брендінің кәсіпкері, негізін қалаушы және дизайнері Арсенина Ирина болды.

 

Кездесу 2022 жылдың 3 қазанында өтті, оған “Маркетинг” мамандығының студенттері мен “Тұран”университетінің оқытушылары белсенді қатысты.

 

Онлайн-дәріс “Маркетинг” пәні бойынша “тауар нарықтарындағы тұтынушылардың мінез-құлқы”тақырыбы аясында ұйымдастырылды.

 

Кездесу барысында Арсенина Ирина “Decoflora” брендінің пайда болу тарихымен бөлісті, өзінің кәсіпкер болу жолы және маркетинг пен брендинг саласындағы алғашқы қадамдары туралы айтты. Тыңдаушылар үшін хоббиді бизнеске айналдыру және маркетинг, digital – маркетинг және бизнесті жүргізу бойынша үздіксіз оқыту сәттері қызықты болды. Студенттердің назарын әр клиентпен тәулік бойы жұмыс істеу жүйесі және жеке тәсіл де аударды.

 

Кездесу интерактивті форматта өтті, студенттер мен оқытушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды.

 

Онлайн-дәрісті ұйымдастырушы-Каирова Әсел Ахаткановна, Э.Ғ. М., “Тұран” университетінің “Маркетинг және логистика”кафедрасының аға оқытушысы.

Online қабылдау