“Маркетинг және логистика “кафедрасы” Digital-маркетинг: мұның бәрі қалай ұйымдастырылған?».
Кездесу спикері ретінде “AYU marketing” жарнама агенттігінің негізін қалаушы және директоры, сондай-ақ “Тұран” университетінің “Маркетинг”мамандығы бойынша түлегі Максим Попов сөз сөйледі.
Кездесу 2022 жылдың 23 қарашасында сағат 15.50-де 509 аудиторияда өтті, оған “Маркетинг” мамандығының 4 курс студенттері мен “Тұран”университетінің оқытушылары белсенді қатысты.
Кездесу форматы: 20/80 (шағын дәріс / практика)
Кездесу барысында Максим Попов студенттермен заманауи қазақстандық digital-маркетинг нарығының мәселелерін, оның жұмыс механизмін, сондай-ақ digital, ТВ және офлайн жарнама саласындағы соңғы зерттеулерді талқылады.
Студенттер маркетологтың digital құралдарын қолданудың ең жақсы әдістері мен стратегияларды қолдану шарттары туралы көптеген сұрақтар қойды. Осы тұрғыда Максим Попов performance, branding және Mix стратегияларының артықшылықтарымен және қазақстандық брендтер үшін перспективалық стратегиялармен бөлісті.
Сонымен қатар, Максим Попов өзінің “AYU marketing” компаниясы және болашақ жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы аздап айтып берді.
Кездесу интерактивті форматта өтті, тыңдаушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды.
Онлайн-дәрісті ұйымдастырушы-Каирова Әсел Ахаткановна, Э.Ғ. М., “Тұран” университетінің “Маркетинг және логистика”кафедрасының аға оқытушысы.