Тұран Университетіндегі еріктілер форумы

26 ақпан күні «Тұран» университетінің базасында NIS.QOGAM ұйымы Еріктілерінің үлкен форумы өтті.

 

Іс-шараның басты мақсаты жастар арасында волонтерлік қызметті дамыту болды.

 

Форум бірнеше бөлімнен тұрды: стендті жәрмеңке, әр ұйымның таныстырылымы, еріктілер бірлестіктерінің тренингтері мен перфоманстары және панельді пікірталас.

 

Форумның қонақтары ретінде Алматыдағы ең ірі және ең танымал волонтерлік ұйымдар қатысты, атап айтсақ: Лига Волонтеров, Alliance of Volunteers, Komek Charity, Birgemiz және т.б.

 

Университет студенттері мен Алматы мектептерінің оқушыларынан құралған кеш қонақтары қызықты презентациялар, шығармашылық тәсіл мен жарқын перфоманстарды бағалай алды.

Online қабылдау