«Tournaman» пікірсайыс турнирі

12–13 наурызда Тұран университетінде жыл сайынғы Tournaman пікірсайыс турнирі өтті, оған Алматы қаласының жеке және мемлекеттік оқу орындарының студенттері қатысты.

 

Бұл турнирде 2 күн бойы пікірсайыс ойындарының 150-ден астам қатысушысы жүлделі орындар үшін күресті.

 

Жарыс нәтижесінде 3-орынды 2 команда иеленді:

 

Шәмша Беркімбаева атындағы Алматы қыздар мектеп-лицей-интернатының оқушысы – Енлик Байзулина, Ш.Уәлиханов атындағы 12 гимназияның оқушылары: Абишева Амина және Болатов Мерей қатысушылары болып табылатын кретивті атауға ие команда – 3 татарина и блатной казах.

 

Сол сияқты атауында қызықты идеясы бар команда –  The Boys.

 

Бұл команданың қатысушылары «Тұран» колледжінің тамаша студенттері: Анна Лутак, Камила Джалилова және Дильназ Шакаева.

 

Қола жүлдегерлер «Тұран» университетінде 1 жыл оқуға 50% жеңілдік алды!

 

2-орынды және «Тұран» университетінде 1 жыл оқу грантын Valentino командасы алды!

 

Команда қатысушылары: Алматы мектеп-лицейінің оқушылары Дандессова Айгерим және Нурсултан Анат, сондай-ақ Жекеменшік «Магистр» мектебінің оқушысы Табылды Кемал.

 

Жүлделі 1-орынды және «Тұран» университетінде 2 жыл оқу грантын Аружан Кул Мухаммед, Ануар Кул Мухаммед и Томирис Камитова сияқты қатысушылары бар, Халықаралық мектептің аттас командасы – Haileybury иеленді.

 

Пікірсайыс студенттерге өз ұстанымдарын дәлелдеуге, олардың құқықтық мәдениетін, азаматтық белсенділігін арттыруға, сондай-ақ шығармашылық және сыни ойлау, командада жұмыс істеу қабілетін дамытуға көмектесетініне сенімдіміз.

 

Сондықтан жеңімпаздарды құттықтап, жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

Online қабылдау