2023 жылғы 17 наурызда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жобасы аясында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі “Тұран” университетінің “Қаржы” кафедрасымен бірлесіп Алматы қаласындағы колледждердің білім алушылары үшін “Финатлон” кейс-чемпионатын өткізді.
Чемпионатқа колледждерден 9 команда қатысты.
Қатысушылар 2 турдан өтті: тестілеу және ситуациялық жағдайды шешу.
Құрамына ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің, “Еуразиялық банк “АҚ,” Алтын банк “АҚ (China Citic Bank corpartion Ltd Еншілес банкі), “Bank RBK” АҚ, “First Heartland Jusan Invest” инвестициялық компаниясының өкілдері кірген қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар үшін дипломдар табысталды:
Кейс-чемпионатқа қатысушыларға серіктестердің бағалы сыйлықтары, сертификаттар, ал ғылыми жетекшілерге алғыс хаттар табыс етілді.