«Туризм» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған қонақ дәрісі

28 наурызда «Туризмдегі біліктіліктің практикалық тәжірибесі» тақырыбында қонақтық дәріс өтті. Баяндамашы Traveller туристік компаниясының негізін қалаушы және TopFlight Travel туроператоры Сабина Омар болды. Кездесуге «Туризм» білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттері қатысты (оқытушылар – Исламгулова А.Ф., Аймағамбет М.Ш.). Сабина Омар туристік индустрияда 11 жыл бойы жинаған білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Студенттер құнды мағлұматтар алды, сонымен қатар Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан туристік компаниялардың бірінің басшысына өз сұрақтарын қоя алды.

Online қабылдау