Алматы қаласындағы Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы Марио-Инго Зоосадтың ашық дәрісі

2023 ж. 30 наурызда «Тұран» университетінде «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының ұйымдастыруымен Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Марио-Инго Зоостың «Германия-Қазақстан: қостарапты байланыс» тақырыбында ашық дәрісі өтті. Дәріс барысында Бас консул Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, сондай-ақ оны болашақта дамытудың ықтимал жолдары туралы айтты. Спикер дипломат ретіндегі практикалық тәжірибесімен де бөлісті. Мұндай пікірталастарды өткізу студенттер арасында практикалық бағыттылықты арттыруға және кәсіби дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Дәріс «Тұран» университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының бастамасымен және ұйымдастыруымен өтті.

Online қабылдау