«Тұран» университетінің «Психология» кафедрасы өзінің I «PSYFEST-TURAN» практикалық психология фестивалін өткізді!

25 ақпанда «Тұран» университетінде «PSYFEST-TURAN» І практикалық психология фестивалі өтті. Фестивальдің миссиясы – қоғамды психологиялық ағартуға, психология саласындағы адамдардың ой-өрісін кеңейтуге жәрдемдесу, сондай-ақ ісін жаңа бастаған және тәжірибеден өткен психологтарға кәсіби қолдау көрсету.

 

Фестиваль бағдарламасына трансформациялық және бизнес ойындар, арт-терапия, гештальт, НЛП, дене бағдарланған психотерапия, когнитивті-мінез-құлық психотерапиясы, дағдарыстық психология және т.б. салалардың халықаралық деңгейдегі мамандарының авторлық шеберлік сыныптары тартылды.

 

Ұйымдастырушыларға, серіктестер мен еріктілерге, сондай-ақ барлық жаттықтырушылар мен қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Online қабылдау