25 ақпанда «Тұран» университетінде «PSYFEST-TURAN» І практикалық психология фестивалі өтті. Фестивальдің миссиясы – қоғамды психологиялық ағартуға, психология саласындағы адамдардың ой-өрісін кеңейтуге жәрдемдесу, сондай-ақ ісін жаңа бастаған және тәжірибеден өткен психологтарға кәсіби қолдау көрсету.
Фестиваль бағдарламасына трансформациялық және бизнес ойындар, арт-терапия, гештальт, НЛП, дене бағдарланған психотерапия, когнитивті-мінез-құлық психотерапиясы, дағдарыстық психология және т.б. салалардың халықаралық деңгейдегі мамандарының авторлық шеберлік сыныптары тартылды.
Ұйымдастырушыларға, серіктестер мен еріктілерге, сондай-ақ барлық жаттықтырушылар мен қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!