Туризм саласындағы мамандық пен білімнің қадір қасиеті ретінде Түркістанға саяхат

Наурыздағы демалыс кезінде «trip with Turan» ішкі туристік агенттігінің қызметкерлері киелі Түркістанға баруды ұйымдастырды. Сапарға «Тұран» университетінің 47 адамнан тұратын түрлі білім беру бағдарламалары мен курстарының студенттері қатысты. Экскурсияларды Сертификатталған гид, «Туризм және сервис» кафедрасының оқытушысы Величко Анастасия Викторовна өткізді. Маршрутта студенттер Түркістанның тарихи көрікті жерлерімен танысты, сондай-ақ Шымкент қаласына барды. Сапар өте жақсы өтті және 100% оң пікірлерге ие болды.

 

Осы бағыт бойынша келесі болып ШГ118 сегізінші сынып оқушылары барды, олар үшін экскурсия да өткізілді. Сапар барысында оқушылар үшін «Тұран»университетіне түсу бойынша үгіт-насихат іс-шарасы өткізілді. Топ риза болып, мамыр айындағы мерекелерге «trip with Turan»компаниясымен шығуды жоспарлап отыр.

 

Турды «Туризм және сервис» кафедрасының оқытушылары М.А. Мусаев пен Бүркітбай Ә.Ж., МIжМБ ББ 3 курс студенті К. Саутов әзірлеп, ұйымдастырды.

Online қабылдау