«Психология» кафедрасы «Қазіргі әлемдегі адамның психологиялық әл-ауқаты: сын-қатерлер, қиындықтар, белгісіздік және трансформация» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен Ресей, Испания және Германиядан келген халықаралық серіктестеріміз қатысты.
Залда «Қазіргі заманғы адамның денсаулығын сақтаудағы стресс-менеджменттің рөлі», «Клиникалық психология мен практиканың қазіргі заманғы проблемалары», «Заманауи психотехника ретінде интроспекция» тақырыптарында баяндамалар айтылды.
Іс-шараны ұйымдастырушыларға, дөңгелек үстел модераторы Алдабергенов Нұрлан Азатұлына, сондай-ақ «Психология» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Сүгіров Бұлатқа шетелдік қонақтардың баяндамаларын аударуға көмектескені үшін зор алғысымызды білдіреміз!