«Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының «Дипломаттар дәрісінің сериясы»

2023 жылдың 31 наурызы Тұран университетінде Қазақстанның белгілі дипломаты, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мәдени ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі МУЗАФАРОВ РУСТАМ РАХИМОВИЧТІҢ ашық дәрісі өтті. Дәріс «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының «Дипломат» студенттік клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы СІМ қызметкерлерімен, еліміздің дипломаттарымен кезекті үшінші кездесу ретінде болды.

 

«Қазақстан мен ЮНЕСКО ынтымақтастығына 30 жыл – жетістіктері мен сын-қатерлері» тақырыбы аясында Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нәтижелері талқыланды. Рустам Рахимович «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану» білім беру бағдарламасының студенттері ЮНЕСКО, БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдардың қызметін зерттеп қана қоймай, халықаралық қатынастарда бейбітшілік, ынтымақтастық және қауіпсіздік идеяларын насихаттауға талпыну керектігін растады.

 

Кездесуге келген қатысушылар, Тұран университеті студенттерінің білім деңгейін жетілдіру, практикалық дағдыларын кеңейту үшін күш біріктіруге, ғылыми байланысты қолдауға келісті.

Online қабылдау