2023 жылдың 17 наурызында «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы Ресей технологиялық университеті – МИРЭА (Мәскеу, Ресей) Басқару технологиялары институтының мемлекеттік және әкімшілік құқық кафедрасымен бірлесіп IV Халықаралық «Ресей мен шет елдердің құқықтық жүйесінің дамуы: теория мен практика мәселелері» ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференцияны ашқан заң ғылымдарының докторы, профессор Елинский В.И. өзгермелі геосаяси жағдайдағы мемлекетаралық құқықтық және ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Кіріспе сөзді з.ғ.к., доцент Д.А.Оспанова халықаралық ғылыми ынтымақтастық және ғылым мен білім саласындағы бірлескен жұмыс мәселелеріне арнады.
Қатысушылардың баяндамалары интернет-қарақшылыққа қарсы халықаралық құқықтық күрес, халықаралық қарулы қақтығыстар кезінде балалардың құқықтарын қорғау, қазіргі халықаралық қылмыстық сот төрелігі және қазіргі заманның басқа да өзекті құқықтық мәселелеріне арналды.
Конференцияға 30-дан астам қатысушы қатысты, олардың арасында Ресей, Қазақстан, Вьетнам және Абхазия студенттері мен аспиранттары болды.
Қорытындылай келе, конференцияда қатысушылар мемлекетаралық ғылыми ынтымақтастық пен жоғары білікті заң кадрларын даярлау саласындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.