«Психология» кафедрасы TURAN SCIENCE FORUM аясында вебинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізді

5 сәуірде «Психология» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Садықова Анель «Психология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері үшін «Психологтың заманауи жұмыс құралы ретінде әлеуметтік ойындар» тақырыбында мастер-класс өткізді.

 

«Психология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері мен Астана, Шымкент және басқа да қалалардан келген барлық қонақтарға арналған онлайн-вебинарды кафедра профессоры Ерментаева Ардам Ризабекқызы өткізді.

 

Сол күні әлеуметтік психолог, урбанист және қоғамдастықпен жұмыс жөніндегі маман Нугаева Алеся Ринатовна «Үлкен қаладағы қоғамдастық» жобасының тұсаукесерімен сөз сөйлеп, «Психология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерімен бірге Алматы қаласын абаттандырудың әлеуметтік-психологиялық факторлары мәселелерін талқылады.

 

Ұйымдастырушыларға, спикерлер мен жаттықтырушыларға, сондай-ақ барлық іс-шараларға қатысушыларға ерекше алғысымызды білдіреміз!

Online қабылдау